Мекен-жайымыз: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Бастау 3
"OlZha-Nur" балабақшасы
Мекеме мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту, олардың зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік және физикалық қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу. Балабақша өз мақсатын келесі міндеттер арқылы жүзеге асырады:
балалардың денсаулығын сақтау және нығайту;
қауіпсіз, қолайлы және дамытушы орта қалыптастыру;
баланың жеке қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып тәрбиелеу;
мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес сапалы мектепке дейінгі білім беру;
балаларды мектепке психологиялық және зияткерлік тұрғыда дайындау;
ата-анамен ынтымақтастықта жұмыс жасау.
Балабақша ұстанымы:ЖШС «ОлЖа-Нұр» балабақшасы – баланың тұлғалық дамуын, қауіпсіздігі мен бақытты балалық шағын басты орынға қоятын заманауи тәрбиелік-білім беру ортасы. Біз әр баланың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырамыз. Балабақшада мейірімді орта, сапалы білім және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие үйлесім табады. Біздің басты ұстанымдарымыз:
Бала денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие мен оқыту
Ойын арқылы ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ата-анамен тығыз серіктестік орнату
Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру
Кәсіби, жауапты және мейірімді педагогикалық ұжым
Мақсатымыз – өзіне сенімді, жан-жақты дамыған, білімге құштар және қоғамға бейімделген бақытты бала тәрбиелеу.
4 реттік тамақтандыру
Таңғы ас Екінші таңғы ас (жеңіл ас) Түскі ас Түстен кейінгі ас (полдник) Кешкі ас
Балабакшаның ерекшелігі
Балабақшада балалардың тілін, ойлауын, қимыл қозғалысын , сезімдік дағдыларын дамытуға бағыттылған
Балалар бір біріментіл табысуды , бөлісүді, тәртіп сақтауды, топта жұмыс істеуді үйренеді
Әр балағакүнделікті бақылау жасап , жеке дамуын қадағалайды
Қосымша сабақтар
Музыка
Фотосуреттер
Мекеменің типі - мектепке дейінгі білім беру ұйымы Мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: